Актриса Динара Бақтыбаева екінші сәбиін дүниеге әкелді
Белгілі актриса Динара Бақтыбаева екінші сәбиін дүниеге әкелді. Ол қызды болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Динараның өзі Instagram парақшасында хабарлады. Босанар уақытын соңғы сәтке дейін күткен Динара перзентханаға "дайын болып барғанын" айтты. Сөзінше, ол небәрі 20 минут ішінде босанған.
"7:50-де жеттік те, 8:10-да босандым. Көлікте туып қалмағаныма рахмет", – деді Динара Бақтыбаева.
Айта кетейік, актрисаның жаңа туған сәбиден бөлек, бір қызы өсіп келеді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”