Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбенің үш тұрғыны Қазақстанның бас санитар дәрігерін сотқа берді

Ақтөбе әкімшілік сотына елдің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовқа қатысты талап арыз түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап. 

Ақтөбенің үш тұрғыны бас санитардың COVID-19 вакцинасын алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимде жұмыс істеуге рұқсат бермеу туралы қаулысындағы тармақтарды алып тастауды талап етеді. Олардың айтуынша, санитар дәрігердің бұл талаптары заңға қайшы көрінеді. 



“Ақтөбе соты Ерлан Қиясовтың Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтінін анықтады. Тұрғындар қарсылық білдірген қаулы да сол қалада шығарылған болатын. Демек, іс ол жерде қаралуы қажет. Осыған байланысты арыз-шағымды Нұр-Сұлтан қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберуге шешім қабылдады", - делінген ресми хабарламада.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулы шығарды. Құжатта екпе салғызбаған қызметкерлерін жұмысқа жібермеуге міндетті нысандардың тізімі жарияланған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр