Ақтөбеде 75 миллионға жөнделген футбол алаңына тағы 17 миллион керек
Ақтөбенің футбол алаңы жаңа маусымға дайын болмай шықты. Спорт комиссиясы орталық стадионда ресми ойын өткізуге рұқсат бермеді. 75 миллион теңге жұмсалған құрылыс сапасыз жасалған. Бұл туралы КТК аранасы хабарлады.
31 наурызда Ақтөбе алаңында алматылық “Қайрат” командасымен бірінші ойын болуы керек еді.
Футбол алаңына мұз қатып қалған, иелері оны жібіте алмай жатыр. Жылыту жүйесі дұрыс жұмыс істемейді.
Стадион әкімшілігі 2 жыл бұрын 75 миллион теңге жұмсалған құрылыс жұмыстары сапасыз істелгенін айтады.
Көгалды ауыстыру кезінде мердігер компания жылу жүйесін дұрыс қондырмаған. Оған бұрынғы басшылар ешқандай наразылық білдірмеген.
Ал қазіргі басшы олқылықты түзеу үшін қайта қаржы сұрауда. Ендігі Ақтөбенің алаңында өтетін ойын сәуір айының соңына жоспарланған.
“Құрылысты өз күшімізбен жасайтын болсақ, арзанға шығады. Оған 17 миллион теңге қажет. Егер компаниялармен келісіп жасалса, онда әлдеқайда қымбатқа шығады”, – дейді орталық стадион директоры Асхат Алтыбаев.
Тағы оқыңыз:
Алматыда 7 балдық жер сілкінісі болатыны туралы хабарлама тарап кетті
Әдейі өртеген: Кемероводағы өрте байланысты ұсталғандар сотта жауап берді
Ақтаулықтар Кемеровода қаза тапқандардың тағзым етіп, құран бағыштады