Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулықтар Кемеровода қаза тапқандардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады

Ақтау қаласының тұрғындары Кемеровода алапат өрттен қаза тапқан адамдарды еске алып, марқұмдардың рухына құран бағыштады,деп хабарлайды «Қазақпарат».

Тұрғындар “Мәңгілік алау” мемориалды ескерткішінің жанына жиналды.

200-ге тарта тұрғын ойыншықтар, гүл шоқтарын алып келген. Марқұмдардың руxына құран бағыштап, қызыл жалынның кесірінен қыршын кеткен бүлдіршіндердің рухына тағзым етті.

Еріктілер кешке қарай шырақ жағып, бүкіл Ресей xалқының қайғысына ортақ екендіктерін жеткізді. “Бұл өте қайғылы жағдай. Өрттің осыншама баланың өмірін қиғанын естіген кезде жүректеріміз жылады. Апат айтып келмейді.

Кез келген жағдайға дайын болу керек. Жақындарымыз аман болсын, бауыр еті балаларымыз аман болсын! Бүкіл Қазақстан xалқы қайғыруда”, – дейді жиналғандар.

Тағы да оқыңыз:

Сәкен Майғазиев Кемеровода қайтыс болғандар жайлы жазып елді жылатты

Шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ журналисі: Құдайдан сұрап алған махаббатым, сен аман жүрші

Қызылордадағы атыстан зардап шеккен азамат қайтыс болды

Талқылау