Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік спорт ардагері министрлікті сотқа беріп, ақша өндіріп алды

Гір көтеруден Қазақстанның халықаралық спорт шебері Бөгежан Аманбаев туризм және спорт министрлігіне қарсы сотта жеңіске жетіп, ақша өндіріп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Diapazon.kz

Жоғарғы соттың дерегінше, 2023 жылы өткен әлем чемпионатында Бөгежан Аманбаев 65-69 жас аралығындағы үш деңгей бойынша екі І және бір ІІ орынды жеңіп алды. Спортшы министрлікке шағымданғанымен, мемлекеттік мекеме ардагерлерге төлемақы қарастырылмаған ережелерді алға тартып бас тартты.

“Ережеге сәйкес жеке спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, ұлттық құрама мүшелеріне ақшалай сыйақы төленеді. Әр спортшыға алған әр орыны үшін 100% көлемінде сыйақы төленеді. Бұл ретте халықаралық жарыстардың жеңімпаздары атанған спорт ардагерлеріне сыйақы төлеуге тікелей тыйым салынбаған”, – деп атап өтті соттың баспасөз қызметі



Бөгежан Аманбаев 27 ұлттық құраманың спортшыларымен бірге қатысқан. Сондықтан сот министрліктің уәждерін негізсіз деп тапты. Талап-арыз қанағаттандырылып, енді туризм министрлігі өтемақы төлеуге міндеттелді.

Еске салайық, бұған дейін журналист Сандуғаш Дүйсенованың жалаңаш бейнесін түсіргені үшін полицейлерден 100 мың теңге өндіріп алғанын жаздық. Бұған қатысты 17 мамырда Сандуғаш Дүйсенованың арызы бойынша сот отырысы өтті.

Талқылау