Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік келіншек сауда орталығында босанып қалды

Ақтөбе тұрғыны "Керуен сити" сауда ойын-сауық орталығында босанып қалды. Әйел босанғанша, дүкен алдында күзетшілер қарауылдап тұрды. 

Ақтөбелік келіншек сауда орталығында босанып қалды

"Диапазон" басылымының мәліметінше, оқиға 11 шілдеде болды. Әйел жедел жәрдем келгенше дүкенде босанып қалды. Сатушылар мен туыстары әйелге босануға көмектесті.

"Таңертең әйелім анаммен бірге әпкемнің үйіне қонаққа кеткен. Сол жақтан сауда орталығына барады. Дүкенде толғағы қысты. Мен үйде едім. Әйелім босанып жатыр деп хабарласты. Мен барғанда әйелім босанып, қызым екеуін дәрігерлер ауруханаға алып кетті", - дейді жолдасы Арман Қожин. 

Зәуре нақты қалай болғанын есіне түсіре алмайды. Қыз бала сұлулық дүкенінде өмірге келді. 

Зәуре мен Арман екінші рет ата-ана атанып отыр. Енді 3 жастағы ұлының қарындасы бар. Қыз бала бойы 52 см, салмағы 3400 келі болып туды. 

Сауда үйінің қызметкерлерінің мәліметінше, жетекшілігі жас анаға кастрюль жинағын сыйлады. Ал жаңа туған сәби Айлинге ханшайымдарға арналған жинақ сыйға берді. 

Талқылау