Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік әйел сотта өтірік айтып, күйеуін қорғап қалуға тырысқан

Ақтөбе облысында ер адам әйелді зорлаған, ал оның әйелі отбасын сақтап қалу үшін әртүрлі өтірік айтып, күйеуін ақтап алуға тырысқан. Оқиға Қарғалы ауданындағы ауылда болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтемемен.

сот

Сот отырысында жыныстық күш көрсеткен деп айыпталған азаматтың әйелі жәбірленуші абайсызда пышақпен өзін жарақаттап алғанын, ал өзінің оған куә болғанын, тіпті жараны таңуға көмектескенін айтқан.



Сот бұл бөлікте айыпталушының жұбайының өтірік айтқанын, жәбірленуші айыпталушының шабуылы кезінде жарақат алғанын, яғни күдіктінің бұған тікелей қатысы барын анықтады. Осылайша, әйел күйеуінің жазасын жеңілдету үшін өтірік айтқаны белгілі болды. Алайда әйелдің өтірігі күйеуіне көмектеспеді. Сот оны осы қылмысқа кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Жалған куәлік бергені үшін сотталушының 33 жастағы әйелі шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Отбасында кәмелетке толмаған балалар өсіп келеді.

Талқылау