AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыз жазудан бас тартты: Ақтөбеде ер адам әйелін ұрып, үстіне қайнаған су құйған

Ақтөбеде ер адам әйелінің үстіне қайнаған су құйған, алайда жедел жәрдем шақыруға рұқсат бермеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жергілікті Range басылымының жазуынша, ауруханаға келген полицияға жәбірленуші әйел арыз жазудан бас тартатынын айтқан. Құқық қорғаушылардың айтуынша, әйел жүкті кезінде күйеуі басын сындырған, бірақ ол кезде де полицияға жүгінбеген.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл отбасында алты бала бар, кішісі небәрі бір жаста, үлкені 14 жаста.

"Аурухана термиялық күйік шалған әйелдің ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Жәбірленушіден өз абайсыздығынан күйік алғандықтан ешқандай шара қолданылмағаны туралы арыз түсті. Бірақ әлеуметтік желіде ақпарат жарияланғаннан кейін қосымша тергеуге дейін тексеру жүргізілді. Оның барысында жәбірленуші полицияға да, ауруханаға да арызданбаған отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері анықталды. Қазір жәбірленушінің күйеуіне шара қолдану туралы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлайды Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр