Ақтөбелік әйел сотта 13 шаршы метрдің 7 адам үшін тар екенін дәлелдеді
Ақтөбеде тұратын көпбалалы ана сотта жеті адам үшін 13,5 шаршы метрлік бөлменің тар екенін дәлелдеп әлек болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ru.freepik.com
Былтыр қыркүйекте көпбалалы ана өзін мемлекеттік қордан берілетін баспанаға мұқтаж жан ретінде кезекке қоюға өтініш берген. Бірақ электронды база оның атынан 13,5 шаршы метрлік бөлме тіркелгенін көрсетті. Сондықтан көпбалалы ананың өтініші қабылданбады.
Бұл іс сотқа жетіп, бес баласы бар ерлі-зайыптының 13,5 шаршы метрлік бөлмеде тұрып жатқаны анықталды. Бөлмеде ас бөлме және жуынатын жер жоқ. Яғни, жуынатын жер бұл отбасыдан бөлек тағы 23 отбасыға ортақ.
Сондай-ақ отанасы да, үйдің үлкен қыз да отадан кейін оңалып жатқан көрінеді. Ал отбасының ортақ табысы белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен.
“Сот процесі кезінде талапкер оның отбасының тұрмыс жағдайы толыққанды өмір сүру нормасына сәйкес келмейтінін дәлелдеді. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды үй-жайлардың санитарлық талаптарға сай келмейтінін растады”, – деп мәлімдеді сот.
- "Біз жоқта үйді ашып, тойлатып отыр": Пәтер иесі жалға алушылар жоқ кезде үйге кіре ала ма
Көпбалалы ана тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ететін азаматтар санатына жатады. Өйткені заң бойынша бір отбасындағы әр адамға 15 шаршы метрден кем емес тұрғын үй алаңы болуы керек.
Сот ақтөбелік тұрғынның өтінішін қанағаттандырды. Десе де сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова үйдің жөндеу жұмыстарына қатысты көпшіліктен көмек сұраған еді.