Ақтөбедегі оғаш оқиға: Мас күйде болған қыз полиция формасын киіп, қаланы аралаған
Ақтөбеде полиция формасын киіп, қаланы аралап жүрген мас күйде болған қыз ұсталды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі полиция ұсынған ақпаратқа сүйеніп хабарлайды.
19 мамырда жедел басқару орталығының 102 телефонына "Есет батыр" микрорайонында мас күйінде полиция қызметкері түріндегі қыз жүргені туралы хабарлама келіп түскен.
Аталған мекен-жайға барған учаскелік полиция инспекторы полицияға ешқандай қатысы жоқ 29 жастағы қызды ұстап учаскелік полиция пунктіне жеткізген.
- Жетісуда досының қарындасын өз үйінде бірнеше мәрте зорламақ болған ер адам ұсталды
- Талдықорғанда бағдарламашы, экс-полицей және медбике жалған медициналық құжаттарды сатып келген
Қазіргі уақытта қыз Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 440-бабы (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу), 434 бабы (ұсақ бұзақылық) және 675 бабы (айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) бойынша хаттама толтыру үшін полицияның учаскелік пунктіне жеткізілгені айтылады.
Сондай-ақ, ол полиция қызметкерінің формасын қайдан алғаны анықталуда.

"Аяқ-қолым мен маңдайымды кесіп кетті": Алматыдағы қонақүйлерде қыз шомылып жатқанда кабина әйнегі сынып кеткен
