Ақтөбеде жоғалып кеткен студенттің мал бағып жүргені анықталды
Үш апта бұрын жоғалып кеткен студент Ербол Әдбіғали ешкімге айтпай, мал бағып кеткен. Іздеу жұмыстары туралы телеарнадан көрген шаруа қожалығының иесі полицияға хабар берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ойыл ауданындағы ауыл шаруашылығы колледжінде білім алып жүрген студент жоғалып кетіп, бір апта бойы іздестірілген еді.
Студентті іздестірген еріктілерді ұйымдастырушы Екатерина Голотинаның иісшіл иттердің де көмегіне жүгінгенін айтты.
«Біз іздеп жүрген Ербол Әбдіғали мал бағып кеткен. Шаруа қожалығының иесі телеарна арқылы іздеу жарияланғанын көріп, полицияға хабар берді.
Біз оны бір апта бойы іздедік. Халықаралық әйелдер күні де демалыс, мейрам болмады. Таңнан кешке дейін көшеде, далада, иесіз қалған ғимараттар мен жертөледе жүрдік. Еңбегіміз еш кетпеді. Биыл үш іздеу жұмыстарын жүргізген едік. Бәрі табылып, отбасымен қауышты»,- деді ерікті Екатерина Голотина.
Оқи отырыңыз:
Шымкенттегі сауда орталықтарының бірінің күзетшілері ер адамға жабылып, себепсіз ұрып тастаған
Астанада Scat әуекомпаниясының жолаушылары Мысырға ұшып шыға алмай отыр
Ақтауда әйелдер балаларға арналған қойылым кезінде төбелесіп қалды (видео)