Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жас босанған ана сәбиінің шетінегеніне министрлікті кінәлап отыр

Ақтөбеде 32 жастағы Мейрамгүл Өтепбергенова суы кетіп, қиналғанын айтып дәрігерлерден көмек сұраған. Алайда олардан еш қайыр болмаған. Салдарынан шақалақ анасының ішінде тұншығып өлген. Енді жас босанған ана сәбиінің шетінегеніне денсаулық сақтау министрлігін кінәлап отыр. Себебі министрлік бекіткен ережеге сйәкес, дәрігерлерге толғағы қысқан әйелді 24 сағатқа толмай тұрып босандырып алуға болмайды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ақтөбеде жас босанған ана сәбиінің шетінегеніне министрлікті кінәлап отыр

Мейрамгүл Өтепбергенова құрсағында тоғыз ай көтерген сәбиін бір күн де болса бауырына басып үлгермеді. Әйелдің жатырында жатып тұншығып қалған шақалаққа дәрігерлер дем салған. Алайда ол жансақтау бөлімінде шетінеп кетеді. Ал жас босанған ананың айтуынша, жүктілік кезінде денсаулығы сыр бермегін. Ол бірнеше рет тексеруден өтіп, қан тапсырған.

«Барлық анализ дұрыс болды. Мен скрининг бойынша 3 УДЗ өттім. Жүктілігімен 39 апта болғанда да өзім үшін УДЗ жасаттым. Ол кезде бәрі дұрыс екенін көрсетті. Сәбидің бүйрегі, өкпесі,  аяқ-қолы, басы, бәрі сәйкес келіп тұрған болатын. Салмағы 3 келі  428, бойы  54 см болып дүниеге келді. Сәби жетіліп тұр ғой» — дейді  Ақтөбе қаласының тұрғыны Мейрамгүл Өтепбергенова.

Толғағы қысқан келіншекті перзентханаға жеткізгеннен кейін, ол дәрігерлерден көмек сұрап, жатырының ауырғанын айтқан. Алайда дәрігерлер денсаулық сақтау министрлігі бекіткен бұйрық бойынша, тура бір тәулік өтпей босандыра алмайтынын айтыпты.

«Менің суымның түсі өзгере бастады. Ал медбикелердің айтуынша, мұндай  болып тұрады екен. Сол хаттаманы өзгерту үшін, статистика бойынша қанша бала өлуі керек?», — дейді Мейрамгүл Өтепбергенова.

Алайда өздеріне шаң жуытпай отырған перзентханадағы дәрігерлер керсінше, келіншекті кінәлайды.

«Ол жүкті болған кезде, сәбиде созылмалы гипоксия болған. Сол үшін  тізімде тұрған. Дәрігерлер қарады. Әйелдің анализдері жақсы болған жоқ. Оның дәретінен лейкоцитоз табылды”, — дейді Қарғалы қалалық ауруханасы босандыру бөлімінің меңгерушісі Дариға Осмағанбетова.

Денсаулық сақтау министрлігіндегілер осыдан төрт жыл бұрын қабылдаған хаттамадағы ережеде көрсетілгендей, толғағы қысқан келіншекті 24 сағатқа толтырмай ерте босандыруға тыйым салынған. Аталған құжат бойынша, әйел су кеткеннен кейін бір тәулік ішінде өзі босана алмаған жағдайда ғана дәрігерлерге өзге шаралар қолдануға болады екен. Алайда көп жағдайда сәбидің аман туылуына көмектесу үшін тым кеш болатын көрінеді.

Оқи отырыңыз:

Жағасын түзеуді жарты жыл үйренген: Сал ауруына шалдыққан бойжеткен билеуді қалай үйренгенін айтып берді (фото)

Қазақстандағы АҚШ елшісі «Қара жорға» биін биледі (видео)

БҚО-да қатты дауыл салдарынан аурухана мен мектеп ғимараттарының шатыры ұшып, бірнеше адам зардап шекті (фото)

ШҚО әкімі өзін тайлы-тұяғымен күтіп алып, бәйек болатындарға ескерту жасады

Талқылау