БҚО-да қатты дауыл салдарынан аурухана мен мектеп ғимараттарының шатыры ұшып, бірнеше адам зардап шекті (фото)
28 сәуірде күндізгі уақытта Батыс Қазақстан облысында қатты дауыл тұрып, салдарынан өңірдегі бірнеше нысан мен адамдар зардап шекті.
Бұл туралы «Мой Город» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Басылым мәліметінше, №43, №45 орта білім беретін мектептер, Иманов көшесіндегі атындағы жол-көлік колледжі, Зачаган кентіндегі жол-патрульдік полициясының базасы шатырсыз қалды.
Сонымен қатар, ҚР ІІД ТЖК мәләметінше, қатты дауыл сауда үйінің шатырын ұшырып әкетіп, ағаштар, бағдаршамдар мен жарнама тақталары құлаған.
Сондай-ақ, дауыл салдарынан екі адам зардап шекті. Дауыл салдарынан қақпа ашылып кетіп, 10 жасар қыздың басына тиген. Бас сүйек-ми жарақатын алған қыз ауруханаға жеткізілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, кеше Алматы көшесінің бойында тұрғын үйлердің бірінің шатыры құлап, 37 жастағы ер адамның басына тиіп кеткен. Ер адам бас жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Оқи отырыңыз:
ШҚО әкімі өзін тайлы-тұяғымен күтіп алып, бәйек болатындарға ескерту жасады
Өскемен тұрғыны көшеден шақалақтың денесі салынған пакет тауып алды
Әйелдер арасындағы сұлулық байқауына қатысқан алматылық жігіт Comedy Club сахнасына шықты
«ВКонтакте» желісінде аудио және видео қоңырау шалу мүмкіндіктері пайда болды