Ақтөбеде үш күн бойы цитрамон ішкен жас ана бір аптадан бері ес-түссіз жатыр
Ақтөбе облысында 23 жастағы жас ана алты күннен бері ес-түссіз жатыр. Жас келіншек пен оның сәбиінің өмірін құтқарып қалу үшін дәрігерлер күресіп жатыр.
Бұл туралы “Актобе Таймс” хабарлайды.
Жас ана мен оның нәрестесінің өмірі үшін қазір бүкіл қала уайымдап отыр.
“Әйел оны күйеуі оны ауруханаға әкелген кезде комада болған еді. Ол үш күн бойы басы қатты ауырып, тек цитрамон ішкен. Нәтижесінде аяқ-қолы тартылып, тыныс алуы тоқтап қалған. Қазір ол арнаулы аппаратқа қосылған”, – деді босандыру мекемесі бас дәрігерінің орынбасары Владимир Авраменко.
“Мен оның күйеуімен сөйлестім. Жалпы, жүкті әйелдер өз денсаулығына ерекше жауапкершілікпен қарауы тиіс. Үш күн бойы үйде жатпай, бірден жедел жәрдем шақырулары керек еді,” – деп атап өтті дәрігер.
Ал әлеуметтік желіде жас анаға 2-ші топтағы теріс қан тобы қажет екендігі туралы хабарлама жариялана салысымен, келесі күні “Ақтөбе облыстық қан орталығына” бірнеше сағаттың ішінле 14 адам келіп, қан тапсырған.
“Бізде кез-келген қан тобы бойынша қосалқы қорымыз бар. Тіпті теракт болған кезде де біз барлық жағдайды реттеп бақылауда ұстай алдық. Ал келіп қан тапсырып, біздің қорымызды молайтып жатқан жандарға алғысымызды айтамыз”, – дейді орталық директорының орынбасары Гүлсім Әбдірахманова.
2010 жылы эклампсияға, яғни, жүктілік талмасына ұшыраған екі әйел өмірімен қош айтысқан. Жылына осындай 3-4 жағдай орын алады екен.
“Эклампсия бұл жарылыс деп аударылады. Әйелдер мұндай жағдайға ұшыраған кезде, есінен айырылып, тіпті сол жағдайдан кейін де не болғанын есіне түсіре алмайды. Ауру жүктіліктің кез-келген мерзімінде мазалауы мүмкін. Көп жағдайда әйелдер мұндай қиындықтан соң тірі қалады. Тек жедел медициналық көмек дер уақытында көрсетілуі тиіс”, – дейді облыстың бас гинекологы Әлия Жанғалиева.
Оқи отырыңыздар:
Қартаю процессін тездететін 10 әдет
Көпшілік мән бере бермейтін қауіпті аурулар
Ғалымдар: Баланың ақылды болуы анасына геніне тікелей байланысты