Көпшілік мән бере бермейтін қауіпті аурулар

Жұма, 23 Қыркүйек , 2016 1:23

Назар тапшылығы синдромы, әлеуметтік құрылымдағы жағдайда қорқыныш пен үрейді сезіну, «құрғақ синдром» – дәрігерлер мойындаған заманауи аурулар тізімі. Десе де қоғам оларға мән берер емес.

80cc754c3613dcbc6f0463c18780f8a3

Соңғы он жыл ішінде халықаралық медициналық сыныптауыш адамдар қауіпті ретінде қабылдамайтын көптеген түрлі сырқаттармен толықты.  Мысалы, бүгінде барынша кең таралған қиындық – назар тапшылығы, яғни гипербелсенділік. Олар тек балаларда ғана емес, ересектер арасында да кездеседі. Бұрынырақта мұндай ауытқушылықтар ауру ретінде саналмайтын. Ал қоғамда «ерке-шолжаң» не «басқаруға көнбейтін» деп түсінілетін. Қазіргі уақытта дәрігерлер мұндай мәселелерге баса назар аударып, тіпті, жағдайды түзеуге мүмкіндік беретін ем-дом шараларының сызбасын жасады.

Өз кезегінде, біз адам денсаулығына зақым келтіріп, қауіпті ауытқушылық болып табылағанымен, бүгінгі қоғам бей-жай қарайтын сырқаттар тізімін ұсынамыз.

Жылдам жүгіріп, асықпай ойлану

Назар тапшылығы синдромы – бүгінде кең етек алған ауытқушылық. Ол балаларда кездесетін қиындық болып саналғанымен, 60%-ының ересек өмірінде де жалғасады. Гипербелсенділік не назар тапшылығы өз алдына алаңғасарлық, ырықсыздық, аса қызбалық және т.б. сынды көрінеді.

Аталған ауытқу ересектерде ақпаратты есте сақтау, зейін салу,жұмыс уақытын ұйымдастырудағы қиындықтар сипатында көрініс береді. Оған қоса бұл тиянақсыздық адамға психологиялық тұрғыдан терең әсер етіп, эмоционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және тағы да басқа қиындықтарға әкеп соғады.

Дерттің белгілері:

  • шектен тыс мазасыздық;
  • созылмалы зерігу;
  • созылмалы ұмытшақтық және кешігу;
  • жиі орын алатын күйзеліс;
  • оқығандағы зейін салу қиындығы;
  • ашу-ызаны басқарудағы қиындықтар;
  • өзін-өзі төмен бағалау;
  • көңіл-күй ауытқушылығы.

Мамандар атап өткендей, мұндай синдромға ие ересектер жиі жұмыс орнын ауыстырып, жасаған жобаларынан ләззат алмайды әрі кәсіби жетістіктері де аз.

Сәйкесінше ем-дом шараларын қабылдау арқылы жағдайды түзеуге болады. Ең алдымен, ынталандыратын дәрі-дәрмектер ұсынылады. Ал оны қабылдау мөлшері мен емдеу шарасының ұзақтығын дәрігер шешеді. Дәрі-дәрмекпен емдеумен психотерапия және физикалық жаттығулар қатар қолданылады. Кейде жабығуға қарсы дәрі-дәрмектер де пайдаланылады.

Қоғамға байланысты қиындықтар

Әлеуметтік құрылымдағы жағдайда қорқыныш пен үрейді сезіну кей адамдарға маңызсыз ауру болып көрінуі мүмкін. Десе де мәселе – өте күрделі әрі маңызды. мұндау ауытқушылықтан зардап шегетін адамдар өздерін торда қамалғандай сезінеді. Олардың бойында айналасындағылардың сынына ұшырауға деген созылмалы қорқыныш бар. Бұл қорқыныштың күштілігі сонша, адамның толыққанды жұмыс жасауына және басқа да әлеуметтік әрекеттеріне кедергі келтіреді. Нәтижесінде мұндай синдромнан зардап шегетіндер көбіне социопатқа айналады.

Дерттің белгілері:

  • аяқ-қолдың нервоздық дірілдеуі;
  • асқазан қызметінің бұзылуы;
  • жүрек соғысының жиілеуі;
  • мінез-құлық оғаштығы, мысалы себепсіз жылау.

Ауытқушылықтың түбірін көп жағдайда балалық шақтан іздеген жөн. Мәселені психотерапия және тыныштандыратын дәрі-дәрмектер көмегімен түзеуге болады. Бұл жағдайда кешенді ем-дом шаралары жүргізіледі. Ал науқасқа қаншалықты күшті дәрі-дәрмек керегін шешу – дәрігердің еншісінде.

Иммунитетке назар аудару

Айналаңыздағылардың назарына іліге бермейтін тағы бір ауыр дерттің бірі – аутоиммунды аурулар. Шегрен синдромы немесе «құрғақ синдром» осы қатардан табылады. Ол сыртқы секреция бездері қызметінің төмендеуі салдарынан пайда болады. Нәтижесінде терінің, көз, ауыз, жұтқыншақ шырышты қабығының шектен тыс құрғауы орын алады. Сонымен қатар ішкі өзгерістер әсерінен ұйқы безі ас қорыту ферменттерінің бөлінуі төмендейді. Мұндай ауытқушылықтан әйелдер, еркектермен салыстырғанда, 25 есе жиі зардап шегеді.

Шырышты қабық құрғауымен қатар ауыз шырышты қабығының қабынуы, көз мүйізгек қабығының қабуынуы және тағы басқалары сынды асқынулар орын алуы мүмкін.

Ем-дом шаралары ретінде бездердің қызметін ынталандыратын дәрі-дәрмектер қолданылады. Дәрі-дәрмектерді ине арқылы тері астына енгізеді. Ауру белгілерін түзеу үшін «жасанды жас» сынды құралдарды пайдаланып, дәрумен терапиясымен қамтамасыз етеді. Оған қоса емдік шара ретінде белгілі мөлшерде глюкокортикостероидтар курсын тағайындайды.

Ағзаның тітіркенуі

Ағзаның тітіркенуі – барлығымызға да мәлім. Алайда іс насырға шауып, анафилаксиялық шокқа ұшырағанда ғана ол жайлы ойлана бастаймыз. Ағза тітіркенуінің басқа да көріністері қауіпсіз емес және денсаулығыңызға айтарлықтай зиянын тигізеді. Мысалы, аллергиялық ринитті көбіміз тұмау деп санаймыз. Егер ауруды емдемесе, нышандарын асқындыра түсіп, мұрын қанауы, иіс сезудің бұзылуы, бас ауру және тағы басқаларына жеткізуіміз мүмкін. Сонымен қатар ағза тітіркенуінің металл әсерінен бастап, күн мен су ықпалына дейін жалғасатын түрлері көп.

Бұл ауытқушылық ауыр дәрі-дәрмектермен емделеді. Олардың қатарында кортикостероидтер, преднизолон, адреналин бар (шұғыл көмек ретінде).

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар