Қартаю процесін тездететін 10 әдет

Жексенбі, 25 Қыркүйек , 2016 12:04

Адам баласының ерте қартаюы тұқымқуалаушылықпен де байланысты болуы мүмкін. Алайда бұл қартаю процессіне әсер ететін жалғыз фактор емес. Қартаю процессіне адамның өзі де әсер ете алады.

1

1. Күнделікті рационнан майды алып тастау

Сырт келбетіне ерекше мән беретін адамдар әдетте рационынан майды алып тастауға тырысады. Мұндай диета денені әжім басуына алып келеді. Диетаға қызыл балық, жаңғақ, қаймақ және майды қосқан жөн. Бұлар керісінше жастықты ұзартады.

2

2. Сусынды түтікше арқылы ішу

Біз сусынды түтікше арқылы ішкен кезде ерніміздің айналасында әжім пайда болады. Бұл шылым шегуге де қатысты. Өмір жасыңызды ұзартқыңыз келсе, шылымнан бас тартыңыз.

3

3. Қырымен ұйықтау

Біз қырымызбен ұйықтаған кезде, бетіміз жастыққа “батып” кетеді десек те болады. Осының салдарынан бет пен иекте әжім пайда болады. Ең дұрысы, шалқасынан жатып ұйықтау.

4

4. Бүкірейіп жүру

Біз бүкірейіп отырған кезде, омыртқамыз қисая бастайды. Бұлшық еттеріміздің белгілі бір бөлігіне ғана салмақ түсіп, артынша ауырсынуды сезінеміз. Бойды тік ұстаудың пайдасы мол. Жүрісіміз өзгеріп, денсаулығымыз дұрысталады.

5

5. Күннен тек демалыс кезінде қорғану

Ультракүлгін сәулелер – ерте қартаюдың басты себебі. Осыған орай күндізгі креміңіздің күннен қорғайтын әсері болған жөн. Бұлт 80% ультракүлгін сәулелерді өткізетіндіктен, бұл кезде де күннен қорғайтын крем жаққан дұрыс.

6

6. Бөлмені шектен тыс жылыту

Бөлмені қатты жылытқан кезде, ауа құрғақ бола бастайды. Бұл біздің шашымыз бен терімізге үлкен әсерін тигізеді.
Сондықтан жылуды да орнымен пайдаланған жөн.

17508565-bananas-282313_960_720-1473615996-650-30ede4b130-1474634607

7.  Қанттан түбегейлі бас тарту

Тәттіні көп мөлшерде жесеңіз, зиянын тигізетінін анық. Алайда қанттың көңіл-күйді көтеретінін ұмытпаңыз. Сондықтан арасында тәтті тағамдар жеп тұрғаныңыз жөн. Мысалы, құрамында қанты көп көкөніс пен жеміс-жидектер.

8

8. Теледидарды көп қарау

Теледидар алдындағы 1 сағат, адамның өмірін 22 минутқа қысқартады. Бұл Интернет алдында отыратын адамдарға да қатысты. Әрбір жарты сағат сайын жаттығулар жасап тұрыңыз.

9

9. Аз ұйықтау

Ересектер тәулігіне 7-8 сағат ұйықтауы тиіс. Біз аз ұйықтаған сайын, ағзамыз қайта қалпына келіп үлгермейді. Мамандар сағат 22-23 шамасында ұйықтауға кеңес береді.

10

10. Ұйымдастырушылық қабілеттің жоқтығынан күйзеліске түсу

Күйзеліс адам ағзасының жасушаларына кері әсерін тигізеді. Ағза жылдам қартаяды. Күйзеліс көп жағдайда біздің ұйымдастырушылық қабілетіміздің жоқтығынан туындайды. Сондықтан ешбір жұмысты кейінге қалдырмай, уақытында істегеніңіз жөн.


Жіберіп алмаңыз:

Ерте қартаю ауруына шалдыққан Нұржан Өркешбаев шоу-бизнесті бағындырмақшы

Қазақстандық азамат Қытайға “қартаюға қарсы қолданылатын құрттарды” өткізбек болған

Бразилиялық азамат әйгілі Кен қуыршығына ұқсау үшін 43 рет ота жасатқан (фото)

Мексикалық жезөкшелер қартайған кезде немен айналысатынын білесіз бе?

Ғалымдар заманауи адамдардың қанша жаста қартаятынын анықтады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Дінімізде шалқасынан жатуга тыйым салынган бір ыйықпен жату керек

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар