Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерте қартаю ауруына шалдыққан Нұржан Өркешбаев шоу-бизнесті бағындырмақшы

Ерте қартаю ауруына шалдыққан атыраулық Нұржан Өркешбаев Қазақстан шоу-бизнесін бағындыруға ниетті. Әншілікті енді ғана бастаған жігіттің айтуынша, қазір отандық шоу-бизнеске қадам басу жолындағы алғашқы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

image22652637_31d7661d6180f1b19a237942cd05ed81

Сурет news.mail.ru

Бұл туралы tengrinews.kz сайты хабарлайды.

“Болашақта шоу-бизнесте бағымды сынап көргім келеді, қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Жазылып жатқан алғашқы әнімді өзім туып-өскен ауылыма арнаймын. Осыған дейін бірнеше рет көмек қолын созған атыраулық нар тұлғалы ағаларым осы жолы да көмек көрсетеді деген ойдамын”, – деді Нұржан.

Жігіттің айтуынша, қазір ол продюсермен бірге жұмыс істеп жатыр. Нұржан ана тілінде жазылған әндерді орындауға ниетті екенін де жеткізді. Дегенмен ол алғашқы әнінің авторларын атаудан бас тартты.

Айта кетейік, дәрігер Болат Байыров Нұржан Өркешбаевтың денсаулығы жөнінде айтып берді. “Мен оны қайтадан тексерілуге шақырып көрдім. Дегенмен Нұржан өмірінде көп өзгеріс болғандықтан, келуден бас тартты. Қазіргі жағдайына оның көңілі толады”, – деді Байыров.

Еске салайық, 2011 жылы Нұржанға бірнеше операция жасалды, нәтижесінде ол бірнеше жылға жасарып шыға келді. Кейін Нұржан Атыраудағы “Нұрсая” ықшамауданынан бір бөлмелі пәтер алды. Ал 2015 жылдың жазында ол үйленді.

Талқылау