Мексикалық жезөкшелер қартайған кезде немен айналысатынын білесіз бе?

Жексенбі, 31 Шілде , 2016 13:21

«Каса Сочикецаль»- Мехикодағы  мемлекеттік мекеме, онда қартайған жезөкшелер өмірінің соңғы жылдарын өткізеді. Бұл жерде әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққандар,қара басын асырай алмайтын жағдайдағы бұрынғы жезөкшелер тұрады. Оларға тегін тамақ, тегін медициналық жәрдем мен жатын жай берілген.

жезөкше

Бұл туралы Daily Mail жазды.

жезөкше12

Мұндай «түнгі көбелектер» азаматтық құқықтары жайлы біліп,өзін-өзі бағалау бойынша сабақтар оқиды. Тіпті жезөкшелік кезінде алған жарақаттары болса соны емдеп жазуға үйретіледі.

жезөкше9

Лучита-  «Каса Сочикецаль»-дің тұрғыны. Кезінде жезөкшелікпен айналысқан әйел қазір осында тегін тамақтанып, осы жерден тегін жатын жай алған.

жезөкше6

Норма Анхелика да осы  мекеменің тұрғыны. Бұл жерді пана тұтқан әйел жасының қартаюына байланысты қазір жұмыс істей алмайды. Тіпті жанын бағуға шамасы жоқ десек болады.Бұл мекеменің тұрғындарының барлығы дерлік психологиялық жарақат алғандар.

жезөкше8

Элия өткен өмірін ұмыту үшін қуыршақтармен сөйлеседі.

жезөкше7

Мұндағылар көбінде психологиялық қолдау мен сабақтарға зәру. Оларға осы сала мамандары тынбай көмек қолын созады. Мақсат: олар қартайған шағында тыныштықта, өзін-өзі адам сезініп өмір сүрулері керек.

жезөкше5

Мехикодағы жезөкшелер өмір бойына жұрттың  кемсітуі мен өзгенің қысымында болғандар.

жезөкше4

Бұл қоғамдық ұйым өкілдері күн сайын құдайға құлшылық етеді. Олар тұрғындардың психологиялық, физикалық, моральдық тұрғыдан өздерін жақсы сезінулеріне көмектеседі екен.

жезөкше3

Хуанита өзінің жаң баспанасында алаңсыз шашын бояп отыр. Ол көшедегі бассыздық пен кемсітулерден әбден шаршағанынайтады.

жезөкше2

Мұндағылар кәсіби мамандардың көмегін алғаннан бөлек  бір-біріне демеу болуға тырысады екен.

жезөкше1

Орталықты ұйымдастырғандардың мақсаты, психологиялық тұрғыда қажыған азаматтарға өмірінің соңына таман қуаныш сыйлау.

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар