Ақтөбеде жүкті кезінде подъездерді паналап келген әйел сәбиінен бас тартты
Ақтөбеде баспанасыз жүрген жүкті әйелдің оқиғасы жалғасын тапты. Көп қабатты үйлердің кіреберісінде түнеп жүрген Татьяна Экштейн сәбинінен бас тартуға ниетті. Қазіргі уақытта ол Аналар үйінде тұрып жатыр. Ал еріктілер оған құжаттарын қалпына келтіруге көмектесуде. Алайда мұндай қамқорлықтың өзі Татьянаны райынан қайтара алмады.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
«Түсінесіздер мен, бұл баладан бас тартуыма тура келеді. Себебі өзім әлі де аяққа тұрған жоқпын. Алдымен жағдайымды түзеп, мұнан кейін отбасын құру керек. Сонымен қатар бұл баланы қалаған жоқпын», – дейді Ақтөбе қаласындағы Аналар үйінде тұрып жатқан Татьяна Экштейн.
Татьяна Экштейннің оқиғасы көпшілікті елеңдетен еді. Оған жүктілігінің 8-айында көп қабатты тұрғын үйлердің кіреберісінде түнеуге тура келген. Алайда оны қуып шығыпты.
Әйелдің жағдайына бей-жай қарай алмаған қайырымды жандар оны Аналар үйіне алып келген. Бүгін Татьяна Экштейн ауруханаға жатқызылады. Ол жерде әйел суық тиюден емделетін болады.
Ал Аналар үйінің директоры Татьянаның баласынан бас тарту жөніндегі шешімін сөгудің керегі жоқ екенін айтады. Бастысты, ол баласын көшеде тастап кете алмайды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Татьянамен психолог жұмыс жасап жатыр. Оның ойынан айнып қалуы да бек мүмкін.
«Оның құжаттарын кеше ғана тапсырдық. Іскер әйелдер қауымдастығы оның айыппұлын төлеп берді. Құжаттар 10 ақпанда дайын болады», – дейді Ақтөбе қаласындағы Аналар үйінің директоры Таңсұлу Лакова.
Оқи отырыңыз:
Қарағанды облысында екі жасар бала қақап тұрған аязда әжесін балконға қамап қойған
Шымкент тұрғындары шенеуніктермен кездесу кезінде төбелесіп қала жаздады (видео)
«Қалаулым» шоуында танысқан орыс жігіті мен қазақ қызы үйлену тойына дайындалып жатыр (фото)