Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде тележүргізушінің лифтідегі өлімінен кейін кооператив төрағасы мен механик тергеуге алынды

Ақтөбеде 28 жастағы тележүргізушінің лифтідегі өлімінен соң пәтер иелері кооперативі төрағасы мен механик тергеліп жатыр. Бірақ оларға қандай айып тағылғаны немесе бұлардың күдіктілер қатарына қосылған-қосылмағаны белгісіз. Тәртіп сақшылары әзірге бұл туралы жақ ашпай отыр. Әзірге келіншектің лифтідегі өліміне қатысты нақты күдікті жоқ, деп хабарлады КТК.

Ақтөбеде лифтке кірген әйелдің аяғы жұлынып, қызының көз алдында қайтыс болды

Бірақ тәртіп сақшылары болған оқиғаға қатысты ғана қылмыстық іс қозғағандарын айтқан еді. Ал қайғылы оқиға болған жеделсаты сол күйі ашық тұр.

Оның қасына тұрғындардың өздері жолауға қорқады. Тергеушілер лифтіге тиіспеуді бұйырыпты. Сондықтан ешқандай жөндеу жұмыстары да жүргізілмеді. Ал қаза тапқан журналист Айзат Әбдісаматты ертең жерлейді. Ол 5 жыл бойы облыстық телеарнада таңғы және балалар бағдарламасын жүргізген. Қайтыс болған Қазақ ұлттық университетінің түлегінің артында бір қызы қалды. Марқұмның аяғы жеделсатының шахтасымен кіре беріс есігінің арасына қысылып, төменге сүйретіп кеткенде жанында сол 3 жасар бөбегі болған. Келіншектің сүйегі мен тамырлары үзіліп кеткен. Жас журналисттің лифтідегі өліміне қатысты қазір тәртіп сақшылары пәтер иелері коперативі төрағасы мен механигін жауапқа алып жатыр екен. Оларға айып тағылды ма, жоқ па, бұл жағы әзірге белгісіз.

«Тергеу органдары жұмыстары біткенше бұл лифт қосылмайды.Қалай тергеу бітеді сол кезде ғана бұл лифтіге қатысты шешім қабылданады. Тергеушілер директордан, осы лифтіге жауапты механикке сұрақтар қойып, жауап алды»,-дейді «Жаңабек сервис» ПИК төрағасының көмекшісі Қайсар Сабыров.

Дегенмен, облыс әкімі бұл жағдайға бей-жай қараған жоқ. Бердібек Сапарбаев кінәлілерді қалай да анықтау керектігін шегелеп тапсырды. Сондай-ақ, осы қайғылы оқиғадан кейін облыстық әкімдік жанынан арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына тұрғын үй-комуналдық шаруашылық басқармасының қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері және өзге де сарапшылар кірген. Олар қаладағы барлық жеделсатыны тексермек. Ақтөбе бойынша 700 лифт бар болса, соның 200-ден астамы тозған. Көбінің сымы үзіліп, әрең істеп тұр екен. Бір қызығы, осы күнге дейін лифтіні қадағалайтын  бірде бір мемлекеттік мекеме болмапты. Шенеуніктер жеделсатының қызметіне көпқабатты үйдің тұрғындарының өздері жауапты деп ысырып тастап отыр.

«Қазіргі таңда ол жұмыстарды тексеретін және шара қолданатын мемлекеттік орган жоқ. Пәтер иелері кооперативі және үй қожайындары жауап береді. Неге десеңіз олар пәтер иелерінің меншігіндегі ортақ мүлік болып табылады»,-дейді Ақтөбе қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Хайдар Ермашов.

Не жасыратыны бар, дәл солай. Жаңа құрылған сарапшылардың комиссиясының да тексеру қортындысына да күмән бар. Себебі кемшілік тапқанымен, оны орындату қиын болатын сияқты. Себебі лифтінің тұрғындар меншігінде екенін өздері айтып отыр. Ал ескірген жеделсатыларды жаңалауға халықтың жағдайы келе қоймас. Сондықтан мемлекеттік қолдау керек және бақылаушы мекеме керек-ақ.

Оқи отырыңыз:

Ақтаулық әйел өгей баласын 20 жерден пышақтап өлтірді

Қытайда 26 жастағы қазақстандық футбол ойынынан кейін қайтыс болды

Қазақстанның бірнеше облысына шегірткелер қауіп төндіруі мүмкін

Қазақстандық әйел бір жасар ұлын Мәскеуде сатпақ болды

Талқылау