Ақтөбеде сотталушы марқұм анасының басына бару үшін түрмеден қашқан
Ақтөбеде полицейлер түрмеден қашқан сотталушының мал бағып жүрген жерінен тапты. Ол түремеден анасының бейітін іздеу үшін қашқан, деп хабарлайды Қазақпарат.
Юрий Аверьянов Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Ол Орал қаласында істі болып, Ақтөбедегі қоныс колониясында жазасын өтеген. “ҚазАдалҚұрылыс” компаниясында жұмыс істеп жүріп, кешкісін колонияға қайта оралмаған. Түрмеде отырғанда анасы қайтыс болған. сондықтан сотталушы анасының бейітін іздемек болып кетіп қалған. Жаяу жолға шыққан ол Самара-Шымкент тасжолымен Хромтау ауданының Бөгетсай ауылына барады. Дүкенге кірген кезде бейтаныс әйел мал бағып, жұмыс істеуді ұсынады. Жазасын өтеуші бұл ұсынысты қабылдаған. Сот отырысы кезінде жазасын өтеуші Юрий Аверьянов кінәсін толық мойындап, өз ісі үшін өкінетінін жеткізді.
«Юрий Аверьянов Қылмыстық кодекстің «Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден жалтару» бабы бойынша айыпты деп танылып, 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Бұрынғы қылмысының жазасы өтелмеген тағы 1 айы қосылып, 7 айға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын өтеуші сот залынан қамауға алынсын. Юрий Аверьянов жазасын қауіптілігі жоғары түзету мекемесінде өтейді»,- деді судья Гүлнар Тлепова.
Сот үкімі күшіне енген жоқ.
Тағы да оқыңыз:
Ақтөбеде мектеп басшылығы хиджаб кигендерді озат оқушылар тізімінен алып тастаған
Өрт кезінде төрт бірдей жақынынан айырылған Қарағанды тұрғыны оқиғаның қалай болғанын баяндап берді