Ақтөбеде сот жүзуден еңбек сіңірген бапкер Азамат Сарбасовты алаяқ деп таныды
Фото: time.kz
Ақтөбе соты жүзуден еңбек сіңірген бапкер Азамат Сарбасовқа алаяқтық бабы бойынша үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өткен жылдың күзінде және биыл көктемде Ақтөбе жоғары спорт шеберлігі мектебінің бапкері тәрбиеленушілерімен бірге Шымкентте жиындарға қатысқан. Ол үшін заңға сәйкес оның рапорты негізінде барлық құжаттар рәсімделіп, іссапарға алғашында шамамен 1,5 миллион теңге, ал екінші рет 1,9 миллион теңге бөлінген.
Шымкенттен оралған соң Азамат Жанғабылұлы бухгалтерияға барлық қажетті құжаттарды тапсырған. Құжаттар арасында теміржол билеттері мен отырғызу талондары да болған.
Алайда, ішкі мемлекеттік аудит департаменті кейіннен Сарбасов екі ретінде де тәрбиеленушілерімен бірге жиынға бармағанын анықтады. Сарбасов бөлінген ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
-
Қырғызстанда алаяқтық жасады деген күдікпен қазақстандық кәсіпкер ұсталды
-
Ақтауда блогерлерді концерттен кейін алаяқтық жасады деп айыптады
Тіпті спортшылардың өздері де бұл жиындардың болғанын білмеген.
56 жастағы бапкер сотта кінәсін мойындады. Ақтөбе қаласының №2 соты істі мұқият қарап, Сарбасовты алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
Ол 3,6 жылға бостандығын шектеу жазасына кесілген, алайда Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған амнистия нәтижесінде жаза мерзімі 2,4 жылға қысқарды. Сотталған азамат жәбірленуші өтемақы қорына 78,6 мың теңге төлеуге міндеттелді.
Сот үкімі бойынша оған мемлекеттік ұйымдарда, соның ішінде спорт мектептерінде, алдағы 6 жыл бойы жұмыс істеуге тыйым салынған.
Еске салсақ, осыған дейін әлеуметтік төлемдер арқылы алаяқтық жасаған шенеуніктер мен есепшілер ұсталды

"Құл-Мұхаммедтен Алагөзовке": Қоғам белсендісі Алматыдағы Тереңқұр аумағындағы қонақ үй салынатынын айтып дабыл қақты
