Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде Ресей азаматтарына уақытша ХҚКО ашылды

Ақтөбедегі "Жекпе-жек" спорт сарайы енді халықа қызмет көрсету орталығына айналды. Көрші елден ағылған азаматтардың көптігінен жергілікті билік осындай жағдай жасауға мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Бұрын тек спорт жарысы кезінде адам көп жиналатын зал таң атқаннан кеш батқанға дейін бос емес. Палуандар күресетін кілемшелерді жинап, бөлменің бір жақ қапталына столдарды тізіп қойған.

Халыққа қызмет көрсету орталығынан техника жеткізіп, сондағы мамандарды осында әкеліпті. Себебі: жеке сәйкестендіру нөмірін алуға келген ресейліктер қаладағы орталықтарда қаптап, жергілікті тұрғындардың құжат рәсімдеуіне кедергі келтіреді екен. Сондықтан көрші елдің азаматтарына бөлек орын ашуға тура келді. Оларға спорт сарайындағы уақытша ашылған орталықта ғана құжат беріледі.



“Шетелдіктердің көп келуне байланысты "Жекпе жек" спорт сарайынан орталық ашуға шешім қабылдадық. Мұнда жеке сәйкестендіру нөмірлерін рәсімдеп, бір күн ішінде ала алады. Осы жерде ғана шет елден келгендерді қабылдаймыз”, – дейді "Азаматтарға арналған үкімет" МК АҚ Ақтөбе облысы филиалының менеджері Әсел Дәрменқұлова.

Талқылау