Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде президент резиденциясы балалар қажетіне беріледі

Ақтөбеде президент резиденциясы мемлекет басшысының тапсырмасымен балалар қажетіне беріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

рпезиденция

Сюжеттен скриншот

Қарғалы өзені бойындағы резиденция 15 жыл бұрын салынған және жоғары лауазымды қонақтарды қабылдауға арналған. Мұнда облыс әкімі Ералы Тоғжанов отбасымен тұрыпты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев нысанды балалар қажетіне беру туралы тапсырма берген соң резиденцияның жергілікті компания балансында болғаны анықталды. Аумақтағы тек бір коттедж мемлекетке тиесілі екен. Бірақ шенділердің сөзінше, резиденцияда орналасатын балалар шектеулі болады. 

"ҚазХром" АҚ аумағында 500 шаршы метрлік мемлекетке тиесілі нысан бар. Қазір үйге қарай жол салу үшін жер бөлу мәселесі қаралып жатыр. Үйдің тек 40%-ы ғана тұрғын алаңы. Сондықтан мұнда, шамамен, 25 бала орналастырылады", – деді Ақтөбе облыстық әкімдік істері басқармасы басшысының орынбасары Тимур Рыскелдин. 

Талқылау