Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде полиция басқармасының жоғарғы лауазымды қызметкері ұсталды

Ақтөбеде полиция департаментінің тергеу бөлімінің бастығы ұсталды. Полковник Евгений Годлевский ірі көлемде пара алды деп күдіктелуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Полицияның жоғары лауазымды қызметкерінің тұтқындалуы көпшілік үшін күтпеген жағдай болды. Годлевский құқық қорғау органдарында 25 жылдық тәжірибесі бар, тәжірибелі офицерлердің бірі. Ол күзде зейнетке шығуы керек болған. 

Ақтөбе облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғарғы лауазымды қызметкердің ұсталғанын растады.

Департамент бастығы Атығай Арыстанов Facebook-те полиция қызметкерлерінің арасында ішкі қауіпсіздік дирекциясы тергеу бөлімдеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг жүргізді деп жазды.

"Тексеру шараларының нәтижелері бойынша облыстық полиция департаменті тергеу дирекциясының лауазымды адамдарының әрекеттерінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Бұл фактілер ішкі қауіпсіздік басқармасы сотқа дейінгі тергеу шеңберінде тексеріліп жатыр”, –дейді Ақтөбе облысының полиция департаментінің басшысы.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 10 Маусым, 2021 11:27
Талқылау