Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде полицейлер базарда ұялы телефон сатушыларды тұтқындады

Ақтөбе қаласында тәртіп сақшылары белгісіз адамдар тобын тұтқынға алды. Әзірге оқиғаның толыққанды мән-жайы белгісіз.

Безымянный

Фото: qazaquni.kz

Бұл туралы diapazon.kz хабарлайды.

Қалалық жедел жәрдем станциясының хабарлауынша, Уәлиханов көшесіне “жедел жәрдем” бригадасы аттандырылған. Бірақ, шақырту жалған болып шыққан.

Ал бүгін орталық базар маңында арнайы қызмет өкілдерінің әлдекімдерді ұстағаны тағы белгілі болды. Инстаграмдағы Aktobe_zello парақшасының хабарлауынша, атыс орын ала ма деп қорыққан сатушылар бутиктерінің есігіне құлып салып тастапты.

Қауіпті хабар қаланы таңғы 5 шамасында дүр сілкінткен. Сатушылар Орталық базар аумағындағы “Достық” жабық базары маңында әлдекімді тәртіп сақшыларының тұтқындағанын айтуда. Тіпті атыс дауысын да естіпті.

“Ол жерде ұялы телефондарды заңсыз сатумен айналысқандарды ұстаған секілді. Олар базар ішінде жасырынып қалмақшы болған. Мен атысты естімедім, бірақ адамдар әлгі ұсталғандардың да қолында қару болды дейді”, – дейді аяқ киім дүкенінің сатушысы.

Базарда радикалық ағымды ұстанушыларды ұстап әкетті деп есептеген көптеген сатушылар жұмыстан ерте кетіп қалыпты. Куәгерлердің айтуынша, ұстау операциясы кезінде полицейлер барлық есіктерді жауып, ешкімді сыртқа шығармаған. Бұл оқиғаға қатысты ІІД түсініктеме берді.

“Бізге базарда жаппай төбелес болып жатыр деген хабар түсті. Оқиға орынына кешендік полиция күші жылдам жетті. Күдіктілер дереу ұсталды. Қару және арнайы құрылғылар қолданылмады. Ұсталғандардан да қару табылмады. Жалпы алғанда базар маңында атыс болған жоқ”, – деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Алайда нақты кімдерді, не себеппен ұстағанын, ұсталғандардың қандай адамдар екенін тәртіп сақшылары хабарламады.

Оқи отырыңыздар:

Назарбаев қызылордалық ертегіші қызға кітап сыйлады

ШҚО әкімі қоластындағы қызметкерлердің жұма намазға баруына тыйым салды

Ислам діні адам сыртынан сөз айтуға рұқсат беретін 5 жағдай

Жынысын ауыстырған қазақстандық транссексуал елімізде ерлердің 90%-ы бисексуал деп жұртты шошытты

Талқылау