Ақтөбеде өзіне қол жұмсаған полиция қызметкеріне қатысты жаңа деректер шықты
Ақтөбеде полиция қызметкері Байбек Қарымсақовтың өліміне қатысты жаңа деректер шықты. Тергеу кезінде қалалық əкімдіктің бейнебақылау камерасындағы жазба алынды.
“Мамандандырылған күзет басқармасының инспекторы Байбек Қарымсақовтың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр.
Қалалық әкімдік ғимаратынан алынған видеожазбаны сараптау барысында 17:16-да өткізу-бақылау пунктіне Қарымсақов кіргеннен кейін, бөгде ешкімнің бас сұқпағаны анықталды. Ал марқұмның мүрдесін 17:24 сағатта әкімдіктің аспазы тапқан.
Баллистикалық сараптама оқтың инспектордың табельдік қаруынан атылғанын көрсетті. Қазір оқиға болған сәттегі Қарымсақовтың қандай психикалық күйде болғанын анықтау үшін сот-сараптамалық экспертиза тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Байбек Қарымсақовтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандықтар Наурыз мейрамына орай қай күндері демалады
Жұмыртқа ұзақ сақталу үшін үшкір жағын төмен қаратыңыз: Асүйге қажетті 15 кеңес
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”