Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сәуле Әбединова: Азаматтар, жақсы қыздың сізбен бас қосып жаман қатын болғанына өзіңізден басқа ешкім кінәлі емес

Тележүргізуші Сәуле Әбединова “Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады” дейтін азаматтарды сынға алды.

“Қазақ әйелі деген ол – менің Анам, сіздің Анаңыз, оның Анасы… менің әпке-сіңлім, сіздің әпке-сіңліңіз, оның әпке-сіңлісі… Бірі – Бақытты, бірі – бақытсыз… Бақыттылардың бақыты – өмірлік серігі мен балаларының арқасы…

Бақытсыздарының бақытсыздығы да – “өмірлік жарының” немесе балаларының кесірінен…
Күйбең тірліктен бас көтермейтін, шаршамайтын, шаршаса да, сездірмейтін, төзімді, мықты, болаттай берік Қазақ Әйелдеріне бас иіңіздер! Рахмет айтыңыздар! Олар ең жоғары құрметке лайық.

“Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады” деген мақалды, ер-азаматтар, айтпаңыздар, ол мақалды айтуға ұялыңыздар, өйткені сол мақал арқылы әйеліңіздің емес, өзіңіздің жаман екеніңізді дәлелдейсіз. Себебі жақсы қыз сізбен бас қосып жаман қатын болғанына өзіңізден басқа ешкім кінәлі емес…”, – деп жазады Сәуле Әбілаханқызы желіде.

Тележүргізуші бұл жазбаны екі жыл бұрын жариялаған.

Тағы да оқыңыз:

Тележүргізуші мерекеде қырқылған гүл емес, құмырадағы гүлді сыйлауға кеңес берді

Баян Алагөзова: Әйелдер күйеуіне тоқал алуға рұқсат бермесе, олар бәрібір көңілдес болып кездесе береді

Жұмыртқа ұзақ сақталу үшін үшкір жағын төмен қаратыңыз: Асүйге қажетті 15 кеңес

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр