Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде өз анасын өлтірген мектеп оқушысы 9 жылға сотталды

Ақтөбеде анасын өлтірген 16 жастағы оқушы қызға қатысты сот үкімі шықты. Оның 18 жастағы досы да жазаға кесілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Диапозон басылымына сілтеме беріп.

сот

Белгілі болғандай, бойжеткен 9 жылға, оның досы 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы сөзінде жас жігіт соттан оларды ұзақ жылға ажыратпауын, мүмкіндік беруін сұраған.

"Бізде сүйіктімнің анасын өлтіру туралы ой болған жоқ. Барлығы сияқты өмір сүріп, қызыммен бақытты болғым келді. Өзім Көкшетауданмын, 11-сыныпты үздік бітірдім. Ата-анамның қарым-қатынасы жақсы болды, өз отбасым да сондай болса деп армандадым. Ата-анам мені жақсы ойлауға үйретті. Анам қайтыс болғанда өзімді жаман сезінгенім рас, бірақ анам үмітімді үзбеуге үйретті. Қазір әкем, ағам, қызым мені жақсы көреді", – деді жас жігіт сотқа берген жауабында.



Ол өзін қауіпті қылмыскерлер қатарына қоспайтынын айтты. Өздерін өмірді әлі көрмеген балаларға теңеді.

“Соттан бізді ұзақ жылдарға ажыратпауға мүмкіндік беруін сұраймын. Мен жағдайдың ауырлығын сезінемін және сот қандай шешім қабылдаса да, қызымды әйелдікке аламын. Осыған көмектессеңіздер деген өтінішім бар", – деді жігіт.

18 жастағы жігіт сүйіктісінің пәтерінде  оның анасымен жанжалдасқан. Оған себеп ілгіштің ілмектерін дұрыс қақпау делінді сотта. Әйелдің қолында пышақ болған екен, төбелес кезінде жас жігіт осы қолынан ұстап, пышақты бұрып, кеуде тұсынан ұрған. Мұнымен тоқтап қалмай, әйелді тұншықтырып, оны еденге құлатқан. Содан соң қызы анасының денесінен пышақты шығарып, онымен анасын тағы бірнеше рет ұрған.

Әйелдің мәйіті балконда 5 күнге жуық жатқан. Екеуі жағымсыз иіс шықпас үшін мәйітке сірке суы мен сода сепкен.

Қыздың сөзінше, анасы өзін жақсы көрмеген, бала кезінен мазақ етіп, ұрып-соққан, достармен араласуға мүмкіндік бермеген.

"Анам мені шынымен мазақ қылатын, ұратын. Кішкентай кезімде оның жігіті мені ұрып тастаған. Бірде жастықпен тұншықтырып тастады, мен барынша ауа жұтып, өліп қалғандай кейіп таныттым. 7 жаста болғанымда менің ішіме пышақ тақап, бірге өлейік деді. Олай жасамауын сұрадым, себебі менің өмір сүргім келді.

Қанша рет асылып өлгісі келді, олай етпеуін өтіндім. Ол мені жек көретін, тіпті балалар үйінен асырап алғанын айтатын, түсік жасатқысы келетінін де жеткізген. Мен жай ғана онымен анасы мен қызы сияқты араласқым келетін, жұмысқа тұрғым келді. Ешқашан оған қарсы шыққан емеспін, ол маған ешкіммен дос болуға рұқсат бермеді, сондықтан менің қазір досым жоқ", – деген еді бойжеткен.

Талқылау