Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде көпірден секірмек болған қызды полиция қызметкерлері құтқарды

Ақтөбеде полиция қызметкерлері көпірден секіріп, өзіне қол жұмсамақшы болған қызды құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе қаласының патруль қызметі 11 шағын ауданында көпірден секіргісі келген 22 жастағы қызды аман алып қалды. Кезекті патрульден кейін келген полиция қызметкерлері Мақсат Махин мен Нұрбек Кенжеханов 11 шағын ауданы мен Құрмыш ауданы арасындағы көпірден секіргісі келген қыз жайлы хабарламаны алып, оқиға орнына бірден жетті.

"Оқиға орнына келген полицейлер көпір қоршауының жанында тұрған қызды көрді. Өзара әңгімелесу жүргізген олар қызды ұстап алып, көпірден алып түсті. Содан кейін №2 қалалық полиция бөліміне жеткізді. Белгілі болғандай, қыз отбасылық жанжалдан соң өз-өзіне қол жұмсамақ болған", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
 

Талқылау