Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде қоқыс полигоны өртке оранды

Ақтөбеде тағы да қоқыс полигоны өртеніп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе қаласындағы жалғыз қоқыс полигоны тағы өртеніп жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт аумағы 500 шаршы метрді құрап отыр. Оқиға орнына 7 өрт сөндіруші мен 2 техника жіберілді. 

"Қазір қоқыс полигонына жауапты мердігер компания жұмысшылары да өрт сөндіру жұмыстарына жұмылдырылды. Бірер күн бұрын жанған аумақтан 300-400 метр қашықтықтан тағы өрт шығып отыр", - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 12 Мамыр, 2021 20:13
Талқылау