Ақтөбеде карантин қайта күшейтілді

Ақтөбеде карантин режимі қайта күшейтілді. Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақтөбе

Аймақтың бас санитар дәрігерінің қаулысына орай, қалада базар-дүкендердің жұмыс уақыты шектеліп, қоғамдық көлік кестесі өзгертілді. 

"Ақтөбе облысы бойынша шектеу шарасы бар, оны күшейтуге қаулы қабылданды. Себебі қарапайым шектеу шарасы сақталмай, індет жұқтырғандар көбейді. Бүгіннен бастап интернет, компьютер клубтары, саябақ, скверде, ойын-сауық орындарындағы балалардың ойын алаңы жұмысын тоқтатты. Біз 15 маусымнан бастап сауықтыру лагеріне жұмыс істеуге рұқсат беріп едік, бірақ бәрі кейінге шегерілді. Түнгі клубтар мен караоке жабылды. Бұқаралық шараларға, еске алу кештеріне тыйым салынды. Қонақ шақыруға болмайды. Көрме, форум, конференция өткізілмейді. Саябақтағы тамақтану дүңгіршектері жабылды", - деді департамент басшысы.

Бұған қоса ол көшеде себепсіз көшеде жүруге болмайтынын ескерді.

"Түрлі тауар сататын, мал, киім-кешек, автокөлік, құрылыс базарлары дүйсенді-бейсенбі аралығында 09:00-ден 15:00-ге дейін, ал жұма-жексенді күндері 10:00-ден 16:00-ге дейін болады. Азық-түлік дүкені, супермаркеттер 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Соңғы деректер бойынша адамдар базарға барған, балалармен ойын алаңдарынды қыдырып, қонақ шақырған. Бұл дұрыс емес", - деп қосты ол.

Атап кетерлік жайт, аймақтағы коронавирус өсімі 11%-ға жеткен. Жалпы алғанда Ақтөбе облысында 540 науқас тіркелген. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр