Ақтөбеде ғимарат құлады: Зардап шеккен әйел көз жұмды
Ақтөбеде ғимарат құлап, зардап шеккен 1988 жылы туған әйел реанимацияда көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы хабарлады: “Мурзагелдина Ләззат Таңжарыққызы 1988 жылы туған, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Ақтөбе облысы бойынша филиалы мониторинг бөлімінің маманы көптеген жарақаттар алды, сонымен қатар қабырғалары сынған. Бүгін, 2 қыркүйекте ол ауруханада көз жұмды”.
Қылмыстық іс қозғалды, құлаған жер қоршалды, полиция қайғылы оқиғаны тексеруде.
Естеріңізге сала кетейік, "Даму" қорының Ақтөбе филиалының ғимаратында шатыр құлап, екінші қабаты қираған.
Талқылау