Ақтөбеде діннің атын жамылып кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ құрықталды
Ақтөбе облысында полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірлесіп кәсіпкерлерден ақша талап еткен қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қылмыстық топ құрамында деструктивті белгілері бар алты адам болған. Олар діннің атын жамылып, бірнеше рет түрлі себептермен екі жас жігіттен ақшалай қаражат бопсалаған", – делінген ақпаратта.
Жедел іс-шараларды өткізу барысында аталған адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
- Атырауда журналисті соққыға жықты деген күдікпен ер адам ұсталды
- Алматыда тұрғындарды 15 миллион теңгеге алдап кеткен ер адам ұсталды
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және тергеу жүргізіліп, ұсталғандардың басқа да ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы тексерілуде.
Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ