Ақтөбеде бір жарым жасар бала құдыққа құлаған: Бүлдіршін көз жұмды
Ақтөбе облысында бала аулада ойнап жүріп, құдыққа құлаған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полиция департаменті қайғылы оқиға жеке үйдің аумағында болғанын хабарлады.
"Жеке үйдегі баланың ата-анасы аумақты тазалауға шықты. Бір жарым жасар бала олармен бірге шығып, далада ойнады. Ол құдыққа құлады. Оқиғадан кейін ол ауруханаға жеткізіліп, ол қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалды, сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады", – деп толықтырды облыс полиция департаменті.
Денсаулық сақтау басқармасы да оқиғаға түсініктеме берді.
"Бір жас бес айлық бала жеткізілді. Ата-анасының айтуынша, бала кездейсоқ үш жарым метр тереңдікте ашық құдыққа құлаған. Ауруханаға түскен кезде баланың жағдайы өте ауыр болды. Бала бірден реанимация бөліміне жатқызылды, алғашқы көмекті кезекші бригада көрсетті. Бір сағат ішінде хирургиялық бөлімше меңгерушісі, хирургтар, реаниматологтар және нейрохирург, кеуде хирургы, кардиохирургтен тұратын консилиум ұйымдастырылды”, – деді басқарма.
Олардың атйуынша, баланы аман алып қалу үшін үшін балаға трахея мен бронхтарда, іш қуысында, плевра қуыстарында бірнеше ота жасалды. Жүргізіліп жатқан емдеу шараларына қарамастан, 12 сәуірде бала жaн тапсырды.