Ақтөбеде баласын қорғаймын деп иттің шабуылына тап болған ер адам құтырып қайтыс болды
Ақтөбе облысында 2 жасар баланы иттің шабуылынан қорғаймын деп ұмтылған ер адам, өзі құрбан болды.
Бұл туралы “Диапазон” жазады.
Ит 2 жасар баланың бетіне жармасқан. Әкесі итті қуғанымен, ол ер адамның қолын тістеп үлгеріпті. Ол баламен бірге бірден аудандық ауруханаға барады. Дәрігерлер дереу құтыруға қарсы вакциналар егеді. Бірақ, бір айдан соң ер адамның бойында құтыру белгілері пайда болып, бір аптадан соң көз жұмады.
Облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, трагедия құтыруға қарсы вакцинаны қабылдау курсы кезінде тиісті режимді сақтамағандықтан болған. Ер адам ыстық ауа-райына қарамастан құрылыс жұмыстарына көмектескен.
“Жас жігіт жұмыс істеп, шаруашылық, құрылыс жұмыстарына көмектескен. Құтыруға қарсы вакцина салынған кезде шаршауға, ыстықтауға, жаурауға болмайды. Бұл жағдайда организмдегі иммунитет әлсірейді. Баланың дені сау, ол әлі вакцина алып жатыр. Егер адамды ит немесе қандай да бір жабайы жануар тістесе, бірден ауруханаға қаралу шарт. Вакцинация тегін жүргізіледі”, – деді қауіпті инфекциялар бойынша бас маман Мұрат Муафихов.
Тағы да оқыңыз:
Алматыда түн ішінде пәтерге басып кіріп пышақпен қорқытатын ұрылар ұсталды
Ерекше құбылыс: Жұбановтың «Қарлығаш» әні орындалғанда Стадион үстінде құстар қалықтап кетпей тұрды
Ақтөбенің қыздары тәш-тәш-тәш: Желіде хит болған әннің жаңаша түрі пайда болды (видео)
Шымкентте анасы өлімші етіп сабаған 7 жасар бала тағы да ауруханаға түсті