Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде балаларды ұрып-соққан балабақша жабылды

Ақтөбеде қызметкерлері бүлдіршіндерді ұрып-соқты деп айыпталған жекеменшік балабақша жабылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Облыстық білім басқармасы мекемедегі заңсыздықтарға байланысты мемлекеттік тапсырыспен ақша беруді тоқтатқан.

Комиссияның тексеруінен соң мекеме құрылтайшысы жұмысын тоқтатқаны туралы әкімдікке хабар беріпті. Білім басқармасындағылар "Амир" балабақшасында санитария талаптары да сақталмай, бала тәрбиесіне жөнді қарамағынын енді біліп отыр. Ал бүлдіршіндердің таяқ жеуіне қатысты тергеумен полиция департаменті айныласуда. 

“Бүгінгі күннен бастап балабақша жұмыс істемейді. Ал осыған дейін мемлекеттік тапсырыспен "Амир"  балабақшасына барып жүрген 70 баланы ата-аналар келісімімен басқа, Ақтөбе қаласында орналасқан балабақшаларға жібереміз”, – деді Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде балабақша тәрбилешілері балаларды ұрып-соққаны туралы жазған болатынбыз. 

Талқылау