Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде әйел мен баланы зорлаған күдікті ұсталды

Ақтөбеде әйел мен баланы зорлады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақтөбе Таймс" басылымына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында педофил 12 жастағы оқушы қызды аңдып, дәретханада зорлаған

Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі факт бір-біріне қатысы жоқ, зардап шеккендер таныс емес.

Полицияның мәліметінше, шілдеде күдікті әйелді зорлаған. Содан кейін ол жазасыздығын сезініп, кішкентай қызға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Жәбірленушінің жасы көрсетілмеген.



Полиция департаменті ұсталған адамның кінәсі жиналған дәлелдермен дәлелденгенін айтты. Оның өзі бірнеше рет сотталған. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оған бірден Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша - "Ересек әйелді, жас қызды зорлау, сондай-ақ әдейі жас балаға жасалған зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша айып тағылды.

Егер сотта рецидивист кінәлі деп танылса, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 23 шілдеде Сәтбаев қаласында кішкентай қыз жоғалып кетіп, бала көп қабатты үйдің пәтерлерінің бірінен табылған еді. Полиция қызды ұрлап кеткен күдіктіні ұстады.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр