Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде автобус өртінен көз жұмған 52 өзбек азаматы жер қойнына тапсырылды (фото)

Өзбекстанда Ақтөбе облысындағы автобус өртінен қаза болған азаматтар жерленді.

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Бұдан бұрын Өзбекстанның төтенше жағдайлар бойынша министрлік өкілі қаза болғандардың аты-жөндері толық анықталғанын айтқан. Министрлік сайтында марқұмдардың тізімі жарияланған.

Еске сала кетейік, қаңтардың 18-і күні Қазақстан арқылы Ресейге Өзбекстаннан еңбек мигранттарын апара жатқан автобус өртеніп кетіп, 52 жолаушы қаза болған еді.

Ақтөбедегі өрттен қаза болған 52 өзбек азаматы жер қойнына тапсырылды

Шымкент-Самара трассасында Ақтөбе қаласынан 320 шақырым жерде болған оқиғадан бес адам аман қалған.

Қазір Наманған жұрты автобустағы өрт құрбандарын аза тұтып жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Мәжіліс төрағасы орысша баяндама жасайтын шенеуніктерге қазақша сөйлеген депутатты үлгі етті

Шымкент әкімі есеп беруді орысша жүргізбеген аудан әкіміне ұрсып тастады

Назарбаев: Қайда жүрсем де қазағым деймін, қазақтың мүддесін іздеймін

Талқылау