Ақтөбеде алаяқ заңгердің әкесі жәбірленушілердің кешірімін алу үшін үш жылқысын сойып берді
Шұбарқұдықта заңгердің алаяқтығы үшін әкесі жәбірленушілерге үш жылқысын сойып, соғым таратты,-деп жазды Ақтөбе таймс басылымы.
Темір ауданының тұрғыны жоғары оқу орнын бітіргенімен мамандық бойынша жұмысқа орналаса алмаған. Ол үйіндегілерге жұмысқа кеттім деп шығып кетіп жүрген. Ол кезде жігіт жергілікті таксишілерді алдаумен айналысқан. Көлігіне таза киінген жігітті отырғызған таксистер оның алаяқ екенін еш ойламапты да. Тек жұмыссыздың барлық жоспары қайталанып отырған.
33 жастағы азамат таксишіге өзіне керек жерді айтып, одан ақшасын майдалауды сұраған. Көп үйлердің арасына ақшасын «майдалап келуге» түсіп кеткен жолаушы сол бойы оралмай отрыған. Жігіт тура осылай 21 таксишіні алдаған. Жалпы қарызы 166 мың теңге болыпты.
Сотта ол кінәсін мойындап, жұрттан өзін кешіруді сұрапты. Оның әкесі жәбірленушілердің ренішін басып, адвокаттың жұмысына алғысын айту үшін үш жылқы сойып,соғым таратуға тура келген.
Мемлекеттік айыптаушы Бағдат Батуриннің сөзінше екі тарап ортақ мәмілеген келген. Айыпталған жігіт сот залынан бостандыққа жіберілген. Алаяқ баласын әкесі енді мал бағуға жегетінін жеткізіпті.
Оқи отырыңыз:
Аша Матай алаяқ жарнамашыларды сотқа бермек
Меруерт пен Жадоның бесінші соты немен аяқталды?
Айсәуле Бақытбек “әкесінің тағдырына бей-жай қарайды” дегендерге жауап берді