Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша Матай алаяқ жарнамашыларды сотқа бермек

Босанғаннан кейін жанкүйерлер оның аздап салмақ қосқанын байқаған еді. Алайда дүниеге тұңғышын алып келгеннен кейін Аша Матай тез арада сырт келбетін қалыпқа келтіріп алды.

Аша Матай-030217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бұл жайтты желіде артық салмақтан арылтатын қоспаларды жарнамалайтындар тиімді пайдаланып үлгерді. Олар Ашаның суретін оның рұқсатынсыз жарнамаға шығарып, препаратты саудалаған.

Бұл ретте Ашаның өзі мұндай жарнамаларға сенбеуге шақырды. Ал алаяқтарға ескерту жасап, келесіде сотқа жүгінетінін мәлімдеді.

“Назар аударыңыздар! Мына бассыздыққа менің еш қатысым жоқ. Мұның қандай препарат екенін де білмеймін. Оны қолданған емеспін және бұл eco slim-нің түрін де көрмегем! Мұндай арсыз жолмен менің есімімді кім пайдаланады осы? Не де болса, соңғы рет ескертемін, халықты алдауды доғарыңыздар! Әйтпесе сотқа арызданамын”, – деп жазады Аша Матай желідегі парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

Витас: Жеке өзім сотқа барған жоқпын. Алдағы уақытта да бармаймын

Жартылай жалаңаш трансвеститпен суретке түскен Сиви елді шошытты

Авторлық құқық маманы: Витас Димаштың үстінен арыздана алмайды

Ерке Есмахан мінсіз мүсінін көрсетемін деп ұрыс естіді (фото)

Талқылау