AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 180 млн теңгеге салынған саябақтың тас-талқаны шыққан

Ақтөбеде 180 млн теңгеге салынған саябақтың бірнеше айда талқаны шықты. Есет батыр ықшам ауданында күзде салынған саябақ қыстың соңына дейін шыдас бермеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап. 

Фото: “Диапазон”

Күзде тұрғызылып бастаған саябақ желтоқсан айында пайдалануға берілді. Оның құрылысына "КаНур Строй Сервис" ЖШС мердігер компаниясына 180 млн теңгеден аса қаражат бөлінген.

Өткен күзде салынған жаңа аллея қысқа шыдас бермей, "үгітіліп қалды": тас төсеуіштер опырылып, шамдар қисайып, қоқыс тастайтын жәшіктер сынған. Бұзақылар орындықтар мен әткеншектерді талқандап кеткен. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының қалалық бөлімі мердігерге барлығын түзеуді бұйырды.

"Саябақ Есет батыр ескерткішінің маңында, "Дина" супермаркетіне қарсы бетте орналасқан. Ұзындығы 600 метрге созылады.

Мердігерлер тас төсеуіштер төсеп, декоративті жарықтар, суару жүйесін, жарықшамдар, орындықтар, әткеншектер орнатты. Бірнеше балалар алаңын ұйымдастырды. Бүгін мердігерлік ұйым тротуар плиталарын, жарықшамдарды, саябақ жиһазын қалыпқа келтіруде. Жақында көгалдандыруды бастайды", – деді Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының қалалық бөлімі секторының орынбасары Жомарт Бақыткелді. 



"КаНур Строй Сервис" мердігерлік ұйымы барлығын өз есебінен қалыпқа келтіреді, бюджеттен бірде-бір тиын бөлінбейді.

"Біз жұмысты өткен жылдың күзінде бастап, 31 желтоқсанда өткіздік. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты кемістіктер болды, бірақ 2 жылдық кепілдік бар, сондықтан біз міндетті түрде барлығын өз есебімізден қалыпқа келтіреміз", – деді "КаНур Строй Сервис" ЖШС өкілі Алмат Қайдасов. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр