Ақтөбеде 15 жастағы бала танысын шапалаққа бола пышақтады
Сот жасөспірімді жасаған қылмысы үшін 5 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы “Ақтөбе Таймс” басылымы хабарлайды.
28 маусым күні сағат 22-де Нәдірхан өзінің досымен бірге Уәлиханов көшесіндегі “Ретро” саябағында болған. Ол сол жерде Әлияны жолықтырып қалады. Екеуі ренжісіп, Әлия Болатты шақырады. Әлгі жігіт бірден саябаққа келіп, Нәдірханды шапалақпен тартып жібереді. Оның бұл әрекетіне шыдамаған Нәдірхан жігіттің қабырғасының тұсына пышақ сұғып алады. Болат ауруханада емделіп, қайта қалпына келді. Дәрігерлер оның денсаулығына айтарлықтай зақым келгенін айтып жатыр.
Нәдірханның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскер мұндай қылмысы үшін 5-10 жылға бас бостандығынан айырылуы тиіс еді. 15 жастағы Нәдірханның қорыққандығы соншалық, ол бірнеше апта бойы соттан қашып жүрген.
Сот отырысы барысында ол кінәсін толықтай мойындап, өкінетінін айтты. Болат өз кезегінде кешірім беріп, Нәдірханның туысқандары оған қажет ақшаны төлеп берді. Әзірге үкім заңды күшіне енбеді.
Жіберіп алмаңыз:
Маңғыстауда 8-сынып оқушысы 3 баланы өрттен құтқарды
Тайвань полициясы нөмірі сәйкес келмеген 315 мың долларлық машинаны бөлшектеп тастады
Атыс кезінде жараланып, төсекке таңылған полицейге медаль берілді
Букмекерлік кеңседен ірі ұтысын ала алмаған алматылық жігіт Рамзан Қадыровтан көмек сұрады