Ақтөбеде 1 ай бұрын көлік қағып кеткен оқушы қыз қаза тапты

Ақтөбеде 25 қазан күні жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен оқушы қыз 18 қарашада көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дәрігерлер бар күшін салғанымен, қызды аман алып қала алмады.
Айта кетейік, апат 25-26 қазан аралығында Қоныс спорт кешенінің алдында болды. Полиция мәліметінше, Әбілқайыр хан даңғылымен жүріп келе жатқан Chevrolet жүргізушісі оқушы қызды жаяу жүргіншілер өткелінде қағып, кейін тағы үш көлікпен соқтығысқан.
2 адам қаза тапқан жол апаты: Шавкат Рахмоновтың жұбайына қатысты тергеу ісі аяқталуға жақын
Бала жедел жәрдеммен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін ол облыстық көпсалалы балалар ауруханасына ауыстырылды.
“Қажет хирургиялық көмек берілді. Бала жансақтау бөлімінде жатты. Онда тыныс алуды қолдау, инфузия және симптоматикалық терапия сияқты қарқынды терапия жүргізілді. Емдеу және реанимация шараларына қарамастан, бала 18 қарашада қайтыс болды”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам қаза тапқаны туралы жазған едік.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді