Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам қаза тапты (видео)

Фото: Видеодан скрин

Батыс Қазақстан облысында Toyota Camry мен Volkswagen Sharan көліктері соқтығысып, 8 адам қаза тапты, тағы 4 адам жарақатпен ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, 17 қарашада Чапай – Жаңақала – Сайқын автожолының 50 шақырымында Toyota Camry мен Volkswagen Sharan көліктері соқтығып, бір көлік өртенді.

Оқиға салдарынан сегіз адам сол жерде қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді. Қазір қылмыстық іс қозғалған. Алдын ала болжам бойынша апатқа бір жүргізушінің қарсы жолаққа шығуы себеп болуы мүмкін.

Фото: Видеодан скрин

"Ауа райы мен жолдың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде болды. Көрінуі жақсы, қозғалысқа кедергі болатын сыртқы факторлар анықталған жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері, тергеу-оперативтік топ және төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Барлық жағдай тергеу барысында толық анықталады. Полиция жүргізушілерге қатаң жол ережесін сақтауды ескертеді. Кез келген бұзушылық, әсіресе адамдарды тасымалдау кезінде, жол қатысушыларының өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді, –деп хабарлады ведомство.

Павлодар облысында 50 жолаушысы бар автобус аударылып кетті


2 адам қаза тапқан жол апаты: Шавкат Рахмоновтың жұбайына қатысты тергеу ісі аяқталуға жақын


Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында 2023 жылы болған жол апатында 5 адам қаза тауып, 8 адам жараланған еді. Апатқа себепкер болған шымкенттік жүргізуші Ердәулет Жорабек “Dala-Fruit.kz” компаниясында жұмыс істеген. Сот оны кінәлі деп тауып, 5 жылға бас бостандығынан айырды, ал марқұмдардың туыстары компания жазадан құтылып кетуі мүмкін деп қауіптенеді.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 17 Қараша, 2025 17:07
Талқылау