Ақтөбеде тек тұрмыстық техникаларды ұрлаған әккі ұры ұсталды
Жарты жыл бойы жалғыз өзі ондаған шаңырақты тонап үлгерген ұры қолға түсті. Ең қызығы, ол ақша іздеп әуреге түспей, тек тұрмыстық техникаларды ғана алыпты. Бұл туралы КТК хабарлады.
Күдікті терезесі пластиктен жасалған үйлерді ғана айналшықтап шықпаған. Себебі мұндай терезенің әйнегін сындырмай-ақ, ашу оңай екен. Ұры үйде көзіне түскен, компьютер, теледидар, тіпті үтікке дейін ұрлап отырған. Қолды қылған тұрмыстық техникаларды базарға барып өткізген. Осы уақытқа дейін бірнеше пәтерді тонап үлгерген азамат соңғы ұрлық үстінде ұсталды. Ол бұрын да осындай қылмысы үшін сотталыпты. Қазір тергеушілер оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Ақмола облысында 6 жасар баланы өз иті талап өлтірді
Ақмола облысында тұрғындар өтірік есеп беретін әкімнің былығын ашты
Алматыда 5 жасар баланың ішегінен 40 шақты магнит шары шықты
Талқылау