Ақтөбе тұрғыны 13 жасар қызына азғындық жасаған
Ақтөбе тұрғыны 13 жасар қызына азғындық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 12 жылға сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақтөбедегі Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев айтып берді.
"Тергеушінің қорытындысымен келіп түскен қылмыстық істі зерделеу нәтижесі бойынша Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасы айыптау актісін жасап, 39 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді", – деді Дәулембаев.
Прокурор ер адамның бұрын колонияда жазасын өтегенін, бостандыққа шыққан соң отбасына оралғанын айтты.
"Тергеу ер адамның басқа отбасы мүшелері жоқ кезде қызына азғындық жасағанын анықтады. Сот мемлекеттік айыптаушының пікірімен келісіп, оны 12 жылға бас бостандығынан айырды", – деді Дәулембаев.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”