Ақтөбе тұрғыны әйелі ауруханада жатқан кезде 12 жастағы қызын зорлаған
Ақтөбеде әйелінің ауруханада жатқан кезін пайдаланып, 12 жастағы қызына тиіскен ер адамға қатысты сот үкімі шықты.
16 мамыр күні сот 46 жастағы азаматты 7 жылға бас бостандығынан және өмірінің соңына дейін балалармен жұмыс істеу құқығынан айырды.
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам Қылмыстық кодекстің 124 бабы 2 бөлімі бойынша жауапқа тартылған.
Ер адам 2014-2016 жылдар аралығында өзінің туған қызына бірнеше рет азғындық әрекет жасаған. Оқиға алғаш рет болған кезде қыздың жасы 12-де болыпты. Ер адам бұл уақыттарда әйелінің ауруханада жатқан кезін пайдаланған.
Оқи отырыңыз:
Руслан Әбдіразақов “Алматы Барысы-2017” алтын белдігін жеңіп алды (фото)
Англияда оқып жүрген қазақ жастары жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтты
Бұдан былай бала туған кезде автоматты түрде балабақша кезегіне қойылады
ОҚО-да 83 жастағы таксист қария жолаушылардың өз қалауымен берген ақшасын ғана алады