Ақтөбе психикалық диспансерінде жатқан науқас қасындағы көршісін “ұйқы бермеді” деп қылқындырып өлтірген
Ақтөбеде облыстық психоневрологиялық диспансерде жатқан науқас қасындағы көршісін орамалмен қылқындырып өлтірді. 29 қаңтарда ақыл-ойы кем науқас бөлмесінде ұйықтай алмаған. Содан таңғы сағат бесте шулап, ұйқы бермеген көршісіне барып, оны ұрып-соққан.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Оның әлі өлмегенін көрген әйел, жәбірленушінің орамасын алып, оны өлгенше қылғындырған. Осылайша ол қасақана ауыр қылмыс жасады. Психологиялық сараптаманың қорытындыларына сәйкес, көршісін қылқындырып өлтірген науқастың ақыл-ойы жеңіл деңгейде кем екен. Кісі өлтіру кезінде ол өз іс-әрекеттерін түсінбеген », - деді мемлекеттің айыптаушы сот отырысында. Қайтыс болған науқас 2012 жылдан бері осы мекемеде емделіп жатқан екен. Ақтөбе психиатриялық диспансерінің дәрігер-психиатрының айтуынша, ол мүгедектер арбасына таңулы болған. Дәрігерлер түнде ол төсегінен құлап кетпесін деп, қолын байлап қойған екен. Марқұм және айыпталушы әйелдер 2015 жылдан бастап бір бөлмеде көрші болған. Ал, медицина қызметкерлері болса пациенттердің арасында бұған дейін өзара келіспеушілік болмағанын айтуда. «Мұндай жағдай біздің мекемеде алғаш болып тұр. Алайда, шынын айту керек, қарауымыздағы науқастардың ашуға мінетін кездері де болады. Көршісін өлтірген науқас соңғы кездері өзін дұрыс ұстамай, кейде тіпті өз бетін тырнап тастайтын», — дейді диспансердің психиатры. Қайтыс болған әйелдің әпкесі дәрігерлер алғашында науқастың дірілдеп көз жұмғанын айтты дейді. Алайда, ол туысының мойнынан қызқындыру іздерін байқаған. «Алғашында оны санитар әйел ашумен қылқындырған деп ойладым. Себебі, олардың жұмыстары оңай емес. Қандай жайт боларын кім білсін», — дейді әпкесі. Психиатрдың айтуы бойынша, санитар әйел науқастың көршісінің жанына отырғанын көріп қалған. Содан медбикені шақырып, бөлмеген қайта оралғанда, науқастың жансыз денесін тапты. Тағы да оқыңыз: Қостанай облысында 11 жасар қызды өлтірген күдікті ұсталды Эскалаторға қолын қысып, жарақаттанған қыздың әжесі оқиғаның қалай болғанын айтып берді Қарағандыда мамыр айында қар жауды (видео) Шымкентте мешітке келушілер ауызашарға берілетін талон үшін төбелесе жаздадыТалқылау