Ақтөбе облысында 80-ге таяған қария қырық жылдан бері адамтөзгісіз жағдайда тұрып келеді
Ақтөбе облысында 79 жастағы қарияның ауыр жағдайда тұрып жатқаны желіде жария болды. Жалғыз тұратын ақсақалдың ішетін асы да, киетін киімі де жоқ.
Қария Бестамақ ауылында не жарығы, не суы, не оты жоқ жерде тұрып жатыр, деп хабарлайды Астана арнасы.
Оған көршілері қарайласып тұрады. Айына алуы тиіс 51 мың теңге зейнетақыны ауылдық кәсіпкер алып отырған. Оның не себепті зейнетақыны өзі алғаны белгісіз.
“Күзден бастап жағдайы нашарлады. Дұрыс тамақ ішпейді, жуынбайды, үйі суық, оты жағылмайды. Уақытылы тамақтанбаған соң әлсіреп қалды”, – дейді ауыл тұрғыны.
Қазір қария ауруханада жатыр. Он күн ем алған соң сыз басқан қараңғы үйіне қайта оралады.
Дәрігерлер қарияның жағдайы жақсы екенін, тек күтім керек екенін ескертті.
Ал, әкімдік қарияға жағдай жасауға әрекеттенгенін, бірақ өзі қаламағанын алға тартты.
“Ол кісі өзі ашушаң адам. Барған адамды қуды. Газ кіргізейік, жарық кіргізейік дедік. Өзі бас тартты. Әкімдіктен көмекке келетін адамды кіргізбейді”, – дейді Бестамақ ауылының әкімі Қанат Дәулеталин.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
